Екібастұзда кәсіпкерлерге салықтан 4,4 млн теңге төлем қайтарылды

Екібастұзда кәсіпкерлерден заңсыз салық алынған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Екібастұз қаласының прокуратурасы мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға берудің заңдылығына талдау жүргізді.

Үлгілік ережелерге сәйкес (ҚР ҰЭМ 16.01.15ж. №17 бұйрығымен бекітілген) мемлекеттік органдар теңгеріміндегі мүлікті сенімгерлік басқаруға тапсырған кезде, шаруашылық жүргізуші субъектіні (сенімгерді) мүлік салығынан босатады. Алайда, Экономика және қаржы бөлімі келісім-шарттар жасау кезінде бизнес қауымдастығын мүлік салығын төлеуге заңсыз міндеттеген, - делінген хабарламада.

Қадағалау актісі бойынша 6 кәсіпкер мұндай міндеттемелерден босатылып, оларға 4,4 млн теңге төлем қайтарылған.

Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов архив
Өзгелердің жаңалығы