Екібастұзда ерлі-зайыптыны тоқ соғып өлтірді

Екібастұз қаласы Бұқар жырау көшесінің бойындағы жер үйдің ауласында құбыр жарылып, арты қайғылы жағдайға ұласты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үйге 30 см деңгейінде су кіріп, үй иелерін тоққа қосылып тұрған жылытқыштың тоғы соғып өлтірген Үй иесі екі көзі көрмейтін мүгедек адам болған. 

Түн ішінде төтенше жағдайдан оянып, төсегінен тұрған оны тоқ соққан. Азаматтық некедегі әйелі құтқарамын дегенше, жылытқыштың тоғы екеуін бірдей соғып, екеуі де қаза тапқан. 

13 ақпанда Екібастұз қаласының тұрғынынан Б.Жырау көшесі мекенжайы бойынша жылыту радиаторларының зақымдануына байланысты тұрғын үй-жайды су басқаны туралы хабарлама келіп түсті. Жеке тұрғын үйден 1959 жылғы ер адамның және 1965 жылғы әйелдің зорлық-зомбылық белгілері оқ мәйіттері табылды, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: turkystan.kz
Өзгелердің жаңалығы