Бүгiн 2026, 08:32
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Екібастұзда экологиялық талаптарды бұзған кәсіпорын айыппұл арқалады
«Energy Solutions Center» ЖШС қызметін тексеру кезінде атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың белгіленген нормадан асқаны анықталған.
Екібастұзда жүргізілген жоспарлы тексеру барысында кәсіпорынның экологиялық заңнаманы бұзғаны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облысы бойынша экология департаменті мамандары «Energy Solutions Center» ЖШС қызметін тексеру кезінде атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың белгіленген нормадан асқанын анықтаған.
Сонымен қатар, кәсіпорында:
- шығарындыларды бақылаудың автоматтандырылған жүйесі жұмыс істемеген;
- газ тазарту жабдығына күрделі жөндеу жүргізілгенін растайтын құжаттар болмаған.
Аталған заңбұзушылықтарға байланысты кәсіпорынға оларды 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін жою туралы нұсқама беріліп, 2,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Ведомство өңірде экологиялық талаптардың сақталуын бақылау жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді.