Екібастұзда бірқатар тұрғын үйде жылу болмайды

Екібастұздағы екі әлеуметтік нысан уақытша жылумен жабдықтаудан ажыратылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Белгілі болғандай, «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС ақпараты бойынша, 15 қаңтар күні сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін ТК-4Л-ден Мәшһүр Жүсіп, 124 көшесіне қарай орамішілік жылу желісін ажыратады. 

Бұл жылу желісінде кран орнатылады. Осыған байланысты 20 көпқабатты және 106 жеке тұрғын үйде жылумен жабдықтау болмайды, сондай-ақ 14 заңды тұлға мен екі әлеуметтік нысанда жылу өшіріледі, - делінген компания хабарламасында. 

Компания жылуды қосу уақыты шамамен көрсетіледі деп отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы