Бүгiн 2026, 06:51 Фото: ТЖД

Екібастұзда балықшы суға батып кетті

Су айдынына әуеден мониторинг жүргізу барысында ұшу аппаратының көмегімен резеңке қайық табылды. Қайық маңынан, 5 метр тереңдіктен сүңгуірлер ер адамның мүрдесін алып шықты.

Құтқару қызметіне Екібастұз қаласына қарасты Шиқылдақ ауылы маңында, академик Сәтбаев атындағы канал учаскесінде 1963 жылы туған ер адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол 2 мамыр күні досымен бірге балық аулауға кетіп, содан кейін байланысқа шықпаған.

Оқиға орнына жедел түрде Екібастұз қаласында орналасқан жедел-құтқару жасағының күштері жіберілген. Құтқарушылар арнайы жабдықтар мен моторлы қайықты пайдалана отырып, су айдынын тексерді. Сондай-ақ жағалау бойында кинологиялық есептің қатысуымен іздестіру жұмыстарын ұйымдастырған.

Су айдынына әуеден мониторинг жүргізу барысында ұшу аппаратының көмегімен резеңке қайық табылды. Қайық маңынан, 5 метр тереңдіктен сүңгуірлер ер адамның мүрдесін алып шықты. Ол қайыққа құтқару кеудешесін кимей отырғаны анықталды. Марқұмның денесі Екібастұз қаласының полиция қызметкерлеріне тапсырылды, – деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен.