Екібастұзда балаларға арналған шығармашылық үйі салынады

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кеше Президенттің Екібастұз тұрғындарымен кездесуінде қала тұрғындары атынан көпбалалы ана Аяна Смағұлова балаларға арналған шығармашылық үйін салу туралы өтінішін айтты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өскелең ұрпақтың шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін дамытуға арналған әлеуметтік нысанды салу жөнінде шешім қабылданды. Нысанды қаржыландыру көзі табылды. Шығармашылық үйі демеушілердің есебінен салынады. Облыс әкімдігіне жобаның жүзеге асырылуын қадағалау тапсырылды, - делінген жазбада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы