Екібастұзда «Айбынды әскер» әскери-патриоттық акциясы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аталмыш шараны ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскери қызметтің беделін арттыру және жастарды әскери борышын орындауға ынталандыру жөніндегі тапсырмасы аясында Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы ұйымдастырды.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауында өскелең ұрпақ үшін жаңа Қазақстанды құрудың аса маңызды миссия екенін атап өтті.

Патриоттық акция аясында қала мектептерінің жоғары сынып оқушыларымен Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақстандықтардың батырлығын насихаттайтын Ерлік сабағы өткізілді. 

Қалалық «Өнер» мәдениет үйінде әскерге шақырылушылар мен әскерге шақырылуға дейінгі жастарға Қазақстан әскерінің қалыптасуы мен даму тарихы жөніндегі мемлекеттік әскери-тарихи мұражайдың көрмесі, сондай-ақ әскери киім нысаны мен киім-кешек үлгілерінің көрсетілімі ұйымдастырылды.

Оқушыларға әскери оқу орындарына түсу тәртібі түсіндірілді. Жастарды қандай мамандықтар таңдау керек, сондай-ақ әскерде өз қабілеттерін, ақыл-ой және шығармашылық әлеуетін қалай жүзеге асыруға болады деген сұрақтар толғандырады екен.

Ақпараттық-түсіндіру тобының өкілдері атап өткендей, жастар Қарулы күштердің даму тарихына және заман талабына сай әскери қызметке шынайы қызығушылық танытуда.

Көптеген жастар үшін әскери жоғары оқу орындарында IТ-технологиялар, заманауи коммуникация құралдары, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері саласында және жас ұрпақ арасында танымал көптеген басқа мамандар дайындайтыны қызықтырып отыр. Ең бастысы – оларға жолдама беру, ынталандыру, – деп атап өтті ақпараттық-түсіндіру тобының жетекшісі запастағы генерал-майор Мұқан Дүйсекеев.

Акция Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымының өнер көрсетуімен аяқталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы