Екібастұзда автобус ұл баланы қағып кетті

Екібастұзда автобус ұл баланы қағып кетті, полиция тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды BAQ.KZ pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 қараша күні сағат 08.00 шамасында Higer маркалы автобус жүргізушісі Абай - Шахтер көшелерінің қиылысында кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жеткіншек реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолдың жүріс бөлігін кесіп өткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлады департамент.

Көлік мамандандырылған тұраққа қойылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы