20 Қыркүйек 2026, 16:49
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Екібастұзда аулада жеңіл көлік алты жасар баланы қағып, бала қаза тапты
Бала алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапқан.
Екібастұзда тұрғын үй ауласында жеңіл көлік алты жасар баланы қағып, бала қаза тапты. Полиция қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Павлодар облысының полиция департаменті өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы туралы ақпаратты растады. Кәмелетке толмаған баланы көлік қағып кеткен факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оқиғаның себептері мен мән-жайы тергеу барысында анықталады. Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін қатаң сақтауды, әсіресе көлік қозғалысы қарқынды аумақтарда барынша мұқият болуды еске салды.