Екібастұзда алғашқы кәсіби театр ашылды

Екібастұз қаласында алғаш рет кәсіби театр ашылып, көрерменге Мұқағали Мақатаевтың «Қош, махаббат!» драмасын ұсынды. Премьера «Өнер» мәдениет сарайында өтті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қойылымның режиссері – Бибіажар Дихан. Ол бұған дейін екібастұздық көрерменге «Танакөз» спектаклі арқылы танылған. Жаңа туынды махаббаттың қадірі мен адам жанының тереңдігін поэтикалық тілмен бейнелеуді мақсат етеді.

Театр труппасы еліміздің түрлі өңірлерінен шақырылған 12 кәсіби әртістен құралған. Қысқа уақыт ішінде ұжым бірнеше қойылым дайындап үлгерді. Солардың бірі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» драмасы.

Бұл спектакльдің қоюшы-режиссері – Әділет Ақанов. Ерекшелігі – сахнада кәсіби актерлермен бірге қала тұрғындары мен шығармашылық ұжым өкілдері де өнер көрсетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Өзгелердің жаңалығы