Екібастұзда адам өлтірді деген күдікке ілінген шетелдік ұсталды

Екібастұзда жазадан қашып жүрген шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қылмыстық істің құжаттарына сәйкес Ресей Федерациясының тергеу органының 2023 жылғы 29 мамырдағы қаулысымен күдікті С.-ға іздеу жарияланған. 

Челябі қаласының орталық аудандық сотының 2023 жылғы 19 қыркүйектегі қаулысымен оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы сырттай таңдалды. – Ресей ФедерациясыТергеу комитетінің Челябі облысы бойынша тергеу басқармасы С.-ға қатысты Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 105-баптың 2-бөлігінің тармағында, 213-баптың 2-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деген айыппен қылмыстық істі өндіруде, – дейді Павлодар қаласының №63 мекемесінің бастығы Берик Рахимов.

 Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті Павлодар облысы Екібастұз қаласында ұсталды.

Тергеу изоляторының арнайы есеп бөлімінің қызметкерлері қажетті құжаттарды дайындады. Қазіргі уақытта экстрадициялық қамауға алынған шетелдік азамат Павлодар облысының “№63 мекеме” РММ-де отыр. Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері қылмыстық қудалау органдарынан қашып, Ресейде кісі өлтіргені үшін іздеуде болған қылмыскерді экстрадициялауға дайындалуда, – деді Павлодар қалалық тергеу изоляторының бастығы. 

Айта кететін жайт, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ұстап беру саласындағы құқықтық ынтымақтастық 2002 жылғы 7 қазандағы “Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы” Конвенция негізінде жүзеге асырылады. Ведомствоның айтуынша, ер адам Тәжікстан Республикасының тумасы және азаматы, бұл оның Ресей Федерациясына экстрадициялануына кедергі келтірмейді. Тәжікстан Республикасының төлқұжатымен құжатталған. 

Осылайша, жақын арада ол одан әрі тергеу әрекеттері мен сот шешімін шығару үшін Ресей Федерациясына жіберіледі. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 590-бабына сәйкес оны қылмыстық қудалау үшін Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарына экстрадициялауда ешқандай кедергі жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Архив BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы