Екібастұз қаласындағы жылу мәселесі төрт кезең бойынша шешіледі

Екібастұз қаласындағы жылу электр станциясы мен жылу беру мәселесі төрт кезең бойынша шешіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Бұл туралы аймақ басшысы Асайын Байханов БАҚ өкілдерімен кездесу барысында хабарлады. Облыс әкімінің айтуынша, алғашқы кезеңде жылу беру жүйесіндегі олқылықтарды анықтау мақсатында жылутехникалық аудит жүргізіледі.

Жылутехникалық аудит төрт кезең бойынша жүзеге асырылады. Алғашқы кезеңнің нәтижелерін сәуір  айының басында аламыз. Яғни, біз кеншілер шаһарының гидравликалық режимі туралы ақпарат аламыз. Жылу электр станциясынан шығатын ыстық судың болғаны жеткіліксіз. Желілік судың көлемін нормаға сәйкес ету керек. Екіншіден, нормаға сәйкестендірілген қысым қажет, - дейді Асайын Байханов.

Екінші бағыт – гидравликалық сырақтар. Бүгінгі таңда Екібастұзда 342 шақырымдық желі бар. Ақауларды анықтау үшін қысым жоғарылатылады. Кейін құбырлардың жарылуы ықтимал немесе жарылған тұстары белгілі болады. 

Біздің болжамымызша, 400-ден астам ақау анықталады. Гидравликалық сынақ кезінде ЖЭС-нан келетін төрт жылу магистралі реконтрукциядан өтеді. Шаралардың барлығын өзіміз жүргіземіз, қажетті құралдар бар. Төрт учаске бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Алдағы аптада мемлекеттік сараптаманың қорытындысын аламыз. Екібастұз қаласының мәлихаты қалыптасқан соң бұл жобаны мақұлдауға береміз. Бұл – екінші бағыт. Бұл жұмыстар сәуір айында басталады. Бір қазандықты жөндеуге шамамен 200 маман жұмылдырылады, - дейді аймақ басшысы.

Төртінші бағыт – жылу станциясын жөндеу. Бүгінде нысан құрамында 10 қазандық бар. Жоспар бойынша сегізі күрделі жөндеуден өткізіледі.  Жобаны жүзеге асыру үшін әкімдік, салалық министрлік және ЖЭС-ның иелерімен жол картасы бекітілді. Мамандардың айтуынша, жаңа жылу электр станциясын салуға болмайды. Оның өзіндік себебі бар. 

Бір қазандықтың бағасы шамамен 35 млрд теңге. Жобалау жұмыстарына екі жыл кетеді. Техникалық-жкономикалық негіздемені әзірлеуге, мемлекеттік сараптаманы әжүргізуге тағы бір жыл керек. Сайып келгенде, бір ЖЭС салу үшін 300 млрд теңгеге жуық қаржы керек. Бүгінгі күні нысанды салғымыз келсе де, жаңа объект алдағы бірнеше жылда бой көтермейді, - дейді аймақ басшысы.

Айта кетейік, төрт бағыт бойынша жүргізілетін жұмыстарға бюджеттен шамаменн 2 млрд теңге бөлінеді. Жұмыс шеңберінде жергілікті әкімдіктің балансындағы 40 шақырымдық кварталішілік желілер алмастырылады. 

Еске сала кетсек, өткен жылдың қараша айында Екібастұзда коммуналдық апат болып, төтенше жағдай режимі жарияланған. Сол сәттен бері жылу тарату бойынша проблемалар туындап келеді. Жөндеу науқаны бес ай ішінде аяқталуы тиіс. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы