Екібастұздық қолөнер шеберінің бұйымдары француздарды тәнті етті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде бес бала тәрбиелеп отырған Гүлперизат Өтебаева шетелге бірнеше тапсырыс жөнелткен, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Төрт жылдан бері хобби ретінде үйде отырған кезде қолөнермен айналыса бастаған едім. Кейін тапсырыс көбейе түсті. Негізгі мамандығым шаштараз. Әкем қолөнермен айланысады. Сондықтан қолөнерге деген қызығушылық қанмен дарыған болар. Әрі қарай «Атамекен» палатасының қолдауымен «Бизнес Бастау» бойынша тігін машинасын сатып алдым да ателье аштым. Авторлық оюлар сызамыз», - дейді ол..

Қолөнершінің айтуынша, жуырда Екібастұз қаласының әкімідігі көп балалы анаға көрсетілген көмек ретінде тегін орын-жай ұсынған. Қазіргі таңда екі адамды жұмыспен қамтып отыр. Қыз жасауына тапсырыс берушілер елімізде ға емес, сондай-ақ, Францияның қазақтары да қошқар мүйізді оюмен өрнектелген көрпешелер тіктірген.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы