Екібастұздың алты тұрғынынан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған жаңа 6 жағдай тіркелді, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

COVID-19 Екібастұз қаласының алты  тұрғынында тіркелді. Оның ішінде 1965, 1981  жылдары туған ер адамдар және 1940, 1949, 1992 жылдары туған әйел адамдар, кәмілет жасқа толмаған 2015 жылы туған ұл бала бар. 6 жағдайдын ішінде 4-і бұрын КВИ анықталған адаммен ықтимал қарым-қатынаста болған.

1965 жылы туған ер адам мен 1992 жылы туған әйел адам бойынша эпидемиологиялық тергеу жүргізілуде. Барлық  жағдай бойынша байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталып жатыр, оларды оқшаулау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

Бүгінгі күні, сағат 11.00-дағы жағдай бойынша Павлодар облысында  коронавирус инфекциясымен ауырған 116 факті тіркелген.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы