Екібастұзда жасөспірімнің қолында петарда жарылды
Астана, baq.kz. 11-сынып оқушысы 3 қаңтар күні кешкі сағат сегізде емханаға жеткізілді. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, шақыру Бөгенбай батыр көшесіндегі көпқабатты үйден түскен.
«№18 мектептің оқушысы екі қолының да жыртылған жарасымен жарақат пунктіне жеткізілді», - деді басқарманың баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.
Эльмира Темірғалиеваның айтуынша, Жаңа жылды мерекелеу кезінде орын алған оқиғалар салдарынан ауруханаға түскен жас адамдар көп.
«Бүгін Екібастұзда түнгі сағат 1-де екінші қабаттан мас күйдегі 18 жастағы қыз құлады. Ол жабық бас сүйек-ми зақымы, ми шайқалу, іштің сыздап ауруы деген диагноздармен жарақат пунктіне жеткізілді, - деді Эльмира Темірғалиева.
Сонымен қатар, өткен түнде Екібастұздың травматологиялық пунктіне екі аяғын екінші және үшінші дәрежеде үсік шалған 54 жастағы ер адам түсті.