Екібастұзда екі жасөспірімде індет анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 жаңа оқиға тіркелді. Бұл туралы Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
COVID-19 Екібастұз қаласының төрт тұрғынында анықталды.
Оның ішінде 1960 жылы туған ер адам, 1981 жылы туған әйел адам және кәмелет жасына толмаған 2008, 2005 жылы туған екі қыз балада.
Барлық науқас бұрын КВИ анықталған адамдармен қарым-қатынаста болғандар.
Барлық оқиға бойынша қарым-қатынаста болған тұлғалар ортасы анықталуда, анықталған адамдарды оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Эпидемиологияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.
Бүгінгі сағат 14:00-дегі жағдай бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясымен ауырған 120 оқиға тіркелді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы