Екібастұзда тұрмыстық қалдықтарды бөлетін 400-ге жуық еуроконтейнер орнатылады
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Екібастұз қаласына қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек сұрыптау мақсатында 374 еуроконтейнер орнатылады. Қазіргі уақытта арнайы контейнерлер сатып алынды.
Пластикалық контейнерлер табиғатты қорғау шаралары негізінде алынды. Жаңа құралдар арнайы техникамен көтеріліп, қоқысты оп-оңай жүктейді. Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бөлім басшысы Аңсар Әлешовтың айтуынша, алдағы уақытта темірден жасалған контейнерлер де сатылып алынбақ.
Былтырғы жылы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне өзгертулер енгізілді. Жаңа талаптарға сәйкес тұрғындар қатты тұрмыстық қалдықтар сұрыпталып, бөлек ластырылуы тиіс. Сондықтан, еурокнтейнерлерге арналған алаңдар орнатылады. Бұған дейін Екібастұз қаласының әкімдігі осы тектес контейнерлерді сынақ жүзінде орнатты. Бұл іс тиімділігін көрсетті. Жаңа құралдардың салмағы жеңіл және жабық. Қолдануда қолайлы, - дейді Аңсар Әлешов.
Әр контейнердің көлемі 1100 литрді құрайды. Ал салмағы 120 келіден аспайды. Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста бұдан бөлек құрамында сынап бар шамдарды жинауға арналған 200 контейнер орнатылған. Ал пластикалық қалдықтар үшін 600-ге жуық контейнер қойылды. Сонымен қатар, электронды қалдықтарға арналған 20 арнайы контейнер бар.
Айта кетейік, Екібатсұз өңірінің халқы бір айда тұрмыстық қалдықтардың 1400 тоннасын тастайды.