Екі жылдан кейін еліміздегі барлық мектеп жайлы болады

Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Ғани Бейсембаев мектептерге қатысты жасалып жатқан жұмыстар жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің мәліметінше, 2024 жылы 254 мектепке күрделі жөндеу, 1 000 ауыл мектебіне кешенді модернизациялау жүргізілді, 1 700-ге жуық заманауи пәндік кабинет сатып алынды, 2 мыңнан астам орынға арналған 8 жатақхана пайдалануға берілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл 1300 мектепті жаңарту басталды. Бұл жұмыс 2027 жылға дейін аяқталуы тиіс. Кешенді жұмыс 2027 жылы еліміздегі 8 000 мектептің барлығын Жайлы мектептер стандартына сәйкестендіру үшін жасалып жатыр, - деді Ғани Бейсембаев.

Бас ұстаз кейбір өңірлер инфрақұрылымды толыққанды модернизациялауды жүргізбей отырғанын атады. Олардың қатарындағы Алматы, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тек кітаптар мен мектеп жиһаздарын сатып алумен шектелген.

Білім басқармаларының басшылары білім беру объектілерін салуға, модернизациялауға және жекеменшік мектептер ашуға деген қажеттілікті анықтау мәселесін егжей-тегжейлі пысықтау қажет. Бұл мәселе біздің министрліктің ерекше бақылауында болады, - деп атап өтті министрлік басшысы кеңейтілген отырыста.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы