Екі жылда алғаш рет азық-түлік бағасы дезинфляцияға ұшыраған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда соңғы екі жылда алғаш рет азық-түлік тауарлар дефляциясы 0,2 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің онлайн отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлім етті.

Елімізде тұтынушылық сұраныстың төмендеуі, сондай-ақ, әлемде азық-түлік тауарлар бағасының төмендеуінің күтілуі бұл салаға дезинфляциялық әсер беруде. Тамыз айында азық-түлік бағасының инфляциясы 7,1 – 7 пайызға дейін төмендеді.
Көкөністермен қатар, ет және нан, жұмыртқа мен жарма өнімдерінің бағасы төмендегені байқалады. Азық-түлік тауарларының жылдық өсімі өткен жылдың шілде айымен салыстырғанда 11,3 пайыздан 10,9 пайызға баяулаған, - деді Ерболат Досаев.
Сондай-ақ, Ұлттық банк төрағасы жанар-жағар май бағасының төмендеуімен қатар, азық-түлік емес тауарлардың өсімі 5,5 пайызды құрағанын атап өтті. Оның айтуынша, ақылы қызметтер бағасы жылдық мөлшерлеме бойынша шілдеде 3,2 пайызға, тамызда 3,4 пайызға артқан. Оған коммуналдық төлемдер мен көлік қызметі бағасының өсуі әсер еткен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы