Екі жыл бойы қылмыстық қудалаудан қашқан шетелдік Абай облысында ұсталды
Абай облысында халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Көкпекті ауданының полиция қызметкерлері Түркіменстан Республикасының 28 жастағы азаматын рейдтік іс-шараларды өткізу барысында анықтады. Тексеру кезеңінде жас жігіттің өзімен бірге ешқандай құжаттары болмаған, осыған байланысты ол полиция қызметкерлерімен аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Қырағы тәртіп сақшысы іздеу тақтасына орналаcтырылған шетелдік азаматты таныды. Ер адамды сот үкімін орындамағаны үшін көрші аймақтың құқық қорғау органдары халықаралық іздеуде деп жариялаған, - делінген ведомствоның ақпаратында.
Ол қылмыстық қудалаудан 2 жыл бойы жасырынған.
Полиция шетелдікті ШҚО әріптестеріне тапсырды. Олар жақын арада оны экстрадициялау туралы мәселені шешетін болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Прокурорлар үш әкімге айыппұл салды
Келесі жаңалық
Түркістанда жоғалып кеткен балықшылар табылды
Өзгелердің жаңалығы