"Екі жоғары білімім бар": Павлодар облысының әкімі сынға жауап берді

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов халықтың әл-ауқатын сауда көлемімен бағалауға болмайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ОКҚ алаңында әкімнен журналист “бөлшек сауда көлемінің өсу қарқыны инфляциядан неге төмен екенін сұрады.

Өңір басшысы бұл пікірмен келіспейтінін айтып, бөлшек сауда көрсеткіші арқылы халықтың әл-ауқатын бағалауға болмайтынын жеткізді.

Әкімнің айтуынша, инфляцияның 12,5 пайызға, ал бөлшек сауданың 7 пайызға өсуі тұрғындардың міндетті түрде үнемдеуге көшкенін білдірмейді.

Менің экономика және қаржы саласы бойынша екі жоғары білімім бар. Экономист ретінде айтарым – бөлшек сауда көлемі халықтың әл-ауқатын бағалаудың негізгі көрсеткіші емес. Себебі адамдардың тұтыну басымдықтары уақыт өте өзгереді: бір кезеңде тауар сатып алса, келесі кезеңде баланың оқуына, курстарға немесе басқа да қажеттіліктерге қаржы бөлуі мүмкін, – дейді Асайын Байханов.

Бұған дейін әкім "қоқысты әкімдер емес, тұрғындар төгеді" деп мәлімдеген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы