9 Қараша 2026, 22:58 Фото: BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Астанада екі жасөспірім шатырдан секіріп кеткен

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Астанада бүгін екі жасөспірімнің шатырдан секіріп кеткені анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға бүгін яғни 9 қараша күні кешке болған. Көпқабатты тұрғын үй маңында жедел қызметтер жұмыс істеген. Астана қаласының полиция департаменті қайғылы оқиға болғанын растап, тергеу басталғанын хабарлады.

«Суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді», – делінген полицияның әлеуметтік желідегі жауабында.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.