Екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Щучинск қаласында екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға бүгін Ақмола облысының көпқабатты тұрғын үйдің аумағында орын алған.

Түрлі жарақаттары бар бала ауруханаға жатқызылды.

ТЖМ ескертеді: 
Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған; 
Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ
Өзгелердің жаңалығы