Екі жарым мыңнан астам полиция Алматының тыныштығын күзетуде

Алматыда патрульдік полиция, учаскелік инспекторлар мен шұғыл бөлімшелер күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлім етті.

Алматыда жағдай тұрақты, қылмыс жоқ. Азаматтар арасында түсіндіру жұмыстары басталды, олардың мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қолға алынды. Тонау фактілері тіркелмеді, - деді ведомство.

Еске сала кетейік, Алматыда 23 қаңтар түнгі cағат 00:09 шамасында жер сілкінісі болды.

Сондай-ақ мегаполистегі әуежайдың еш кедергісіз жұмыс істеп тұрғаны айтылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы