Екі жамбылдық 108 шаруаның атынан 105 млн теңге субсидия алған

Жамбыл облысының прокуратурасы 105 млн теңгеге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының прокуратурасы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражатты жымқыру фактісін анықтады.

Облыстың екі тұрғыны 108 шаруаның атынан құжаттарды қолдан жасап, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу шығыстарын субсидиялауға бөлінген 105,3 млн теңгені заңсыз алғаны анықталды.

30.03.2024 жылы аудан прокуратурасы алаяқтық фактісі бойынша ҚК-тің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін тіркеді. Қылмыстық істі тергеу облыстық Экономикалық тергеп-терсеру департаментіне жүктелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. ҚПК-нің 201-бабы негізінде өзге ақпарат жариялауға жатпайды, - делінген ведомство хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы