Екі турист мінген «Союз» кемесі ғарышқа ұшты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Байқоңырдан жапондық екі турист мінген Ресейдің «Союз» кемесі ғарышқа ұшты. 

Юсаки Маэзава мен Йозо Хирано есімді саяхатшылар ғарышта 12 күн өткізеді. Бұл сапарға олармен бірге ресейлік космонавт Александр Мисуркин де аттанған. 

Белгілі болғандай, аталған азаматтар халықаралық ғарыш стансасына зерттеу жұмыстарына қажетті жабдықтар мен экипаж мүшелеріне жаңажылдық сыйлық жеткізбек екен. 

Айта кетейік, «Союз» кемесі 10 жылдан бері алғаш рет ғарышқа саяхатшыларды жеткізіп отыр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы