Бүгiн 2026, 19:08 Фото: depositphotos.com

Екі танкер Ормуз бұғазы арқылы өте алмады

АҚШ пен Иран келіссөздерінің нәтижесіз аяқталуынан кейін екі супертанкер соңғы сәтте кері бұрылды.

Екі бос супертанкер Парсы шығанағына қарай Ормуз бұғазы арқылы өтпек болған, алайда АҚШ пен Израиль арасындағы келіссөздердің нәтижесіз аяқталуы аясында соңғы сәтте кері бұрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Bloomberg-ке сілтеме жасап.

Теңіз көлігін бақылау жүйелерінің дерегіне сәйкес, бір күн бұрын Ормуз бұғазындағы Иранның Ларек аралына үш танкер келген. Осы өткізу нүктесінде олардың екеуі – бірі Иракқа бет алған грек компаниясына тиесілі кеме, екіншісі Пәкістан туымен БАӘ бағытына бара жатқан танкер – кері қайтқан.

Кемелер бағытының өзгеруі дәл АҚШ пен Иран делегациялары Пәкістандағы кездесуде ортақ келісімге келе алмағаны жарияланған сәтпен тұспа-тұс келгені атап өтіледі. Бұл жағдай АҚШ, Израиль және Иран арасындағы атысты тоқтату мүмкіндігіне қауіп төндірді.

Агенттіктің мәліметінше, үшінші кеме бұғаздан өткен, алайда оның нақты қайда бағыт алғаны белгісіз. Сондай-ақ бұл танкер Haut Brion 8 SA компаниясына тиесілі екені, ал оны Оңтүстік Кореяның Sinokor Maritime операторы басқаратыны хабарланды.