Арыста зардап шеккен екі сапер госпитальдан шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 қыркүйекте Арыс қаласындағы төтенше жағдайды жою барысында зардап шеккен екі әскери қызметшіні ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-клиникалық госпиталінен шықты. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Олар қазір Алматыдағы өздерінің әскери бөлімдеріне орналастырды.
Медициналық мекеменің айтуынша, емделушілер әскери-дәрігерлік комиссиядан өткен. Қазіргі кезде олардың жағдайы қанағаттандырарлық.
«Госпитальдан шығарылған әскери қызметшілер толықтай қалыпқа келгенге дейін әскери қызметтік міндеттерінен босатылды. Қазіргі кезде қалған 8 әскери қызметші Алматы қаласындағы әскери госпитальде», - делінген хабарламада.
Әскери дәрігерлер олардың жағдайын бірқалыпты деп бағалауда.
Әскери-клиникалық гопиталінің бастығы медициналық қызмет полковнигі Самат Сәрсеновтің айтуынша, қажетті аспаптық зертханалық-диагностикалық тексерулер жүргізіліп, жоспарлы ем қабылдау жалғасуда.
Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай салдарын жою жəне арнайы жабдықталған полигонның аумағында жоспарлы жару жұмыстары барысында 10 сапер-әскери қызметші жарақат алған болатын.
Сонымен қатар, министр жарылыстан зардап шеккен 3 сапердің жағдайы ауыр екенін айтқан болатын.