Екі қызын жылдар бойы зорлап келген ер адамның ісі әшкере болды

Алматыда қыздары әкесін бірнеше рет зорлық-зомбылық көрсетті деп айып тақты. Азғындыққа барған ер адам үлкенін алғаш рет 2015 жылы, кішісін 2020 жылы зорлаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған факті бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлері қылмыстық істі тексеріп жатыр.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстық іс Алатау аудандық полиция бөлімінде ҚР ҚК бірден екі бабы бойынша тіркеліп, тексерілуде. Атап айтқанда  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі ("Зорлау"); Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 124-бабының 2-бөлігі ("Кәмелетке толмаған балаларды азғындық жолға түсіру").

Қазір толық, жан-жақты және объективтілік қағидаттарына сәйкес жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Бұған қоса тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге мәліметтер жарияланбайды, – деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жалпы осы оқиғаға қатысты мәселені NeMolchiKZ қоры Instagram-дағы парақшасында қозғады.

Алғаш рет әкесі кенже қызын (2009 жылы туған) 2020 жылы 21 қыркүйекте зорлаған. Одан кейін тағы екі рет зорлап, бірнеше рет азғындық жасауға әрекеттенген. Үлкен қызын әкесі (2003 жылы туған) 2015 жылы 12 жасында зорлаған. Оған да бірнеше рет азғындық жасаған, - делінген қор қалдырған жазбада.

Сондай-ақ қордың мәліметінше, анасы барлығын 2023 жылғы 20 қаңтарда полиция бөлімінде кенже қызы әкесінің зорлық-зомбылығына шыдай алмай, үйден қашып кеткенде білген, бірақ оны тауып алып, полицияға алып келген.

Ол бәрін сол жерде айтып берді, анасын полицияға шақыртты, ол болған жайтты тергеушінің кабинетінде білді... Үлкен әпкесі де оны білмеген, кейін қыздар туған әкесі не істегенін бір-біріне айтып берді, – делінген "НеМолчиKZ" қорының хабарламасында.

Қордың келтірген деректеріне сәйкес, полиция қызметкерлері кенже қызды ата-анасынсыз сараптамаға алып барған, оның нәтижесі "қыздық пердеде зерттелмеген ойықтар болғанымен, қыздың пәк екенін" көрсеткен.

Қыздардың әкесі 2023 жылы 21 қаңтарда ұсталды, бірақ оны полицейлер тергеу изоляторында емес, сараптаманың қорытындысын алу үшін жасырын пәтерде ұстаған... бір ай ұстап, оны босатып жіберді... Полицейлер қыздар мұны ойдан шығарған деп санап, істі жауып тастады, – делінген NeMolchiKZ таратқан ақпаратта.

NeMolchiKZ қоры Қазақстанда жалпы зорлық-зомбылық көргендерге қатысты  сараптама Кеңес заманынан қалып кеткен жүйемен жұмыс істейтініне наразы. Себебі осы оқиғадан зардап шеккен қыздарды 10 минуттың ішінде тексеріп шыққан. Ал шын мәнінде зорлық көрген бала бір апта бойы қалаған уақытында куәгерлік етуге құқылы.

Айта кетейік, 2023 жылғы 28 мамырда Алматы облысының екі тұрғыны әкесі 10 жыл бойы зорлап келгенін мәлімдеді. Қыздарына азғындық жасады деп күдікке ілінген ер адам 29 мамыр күні ұсталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы