Кеше 2026, 22:53 Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Екі қазақстандық боксшы U23 Азия чемпионатының ширек финалына шықты

Айта кетейік, U19 және U23 санаттары бойынша Азия чемпионаты 16 шілдеге дейін жалғасады.

Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санаттары бойынша Азия чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының екі өкілі жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Асылхан Көшербай 1/8 финалда Бутан боксшысы Дечен Дорджиден басым түсті. Қазақстандық спортшы үш раундтың қорытындысы бойынша қарсыласын 5:0 есебімен айқын жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Ал 60 келіге дейінгі салмақта Нұрасыл Төлебек Тәжікстан өкілі Дамир Мубалихоновпен қолғап түйістірді. Тартысты өткен кездесуде қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.

Айта кетейік, U19 және U23 санаттары бойынша Азия чемпионаты 16 шілдеге дейін жалғасады.