Екі оқушы Екібастұздағы су арнасына батып кетті
Байет ауылындағы Сәтбаев су арнасына 13 және 14 жастағы екі ұл бала батып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Оқушылар 5 шілде күні кешке үйден шығып, су арнасына қарай кеткені хабарланды. Олардың заттары жағадан табылды.
Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар бөлімі 6 шілде күні сағат 01.00-де бірінші баланың денесін полиция қызметкері заттарымен бірге су қоймасынан 50 метр жерден алып шыққанын хабарлады. Екінші баланы сүңгуірлер 6:18-де судан шығарды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбеде Астана күнінде 19 сәби дүниеге келді
Өзгелердің жаңалығы