Екі өңірде республикалық маңызы бар жолдар жабылды
Күн райының бұзылуына байланысты еліміздің республикалық маңызы бар жолдарының екі учаскесінде барлық көлік түрлері үшін жол жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"ҚазАвтоЖол" компаниясы таратқан мәліметке сәйкес, 19 қаңтарда сағат 19:00-дан бастап:
- Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні маршруттарында қар жамылғысының жиналуына және тұрақсыздығына және қар көшкінінің өздігінен түсу қаупіне байланысты "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катон-Қарағай-Рахманов кілттері" автожолының учаскесінде 6-66 шақырымда, Ушанов аауылы - Серебрянск қаласыучаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектеулерін енгізеді.
Сондай-ақ Алматы облысы бойынша ауа райының бұзылуына байланысты:
- “Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас” автожолының 100-254 шақырым аралығында (Тескен ауылынан Жетісу облшекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылады.
Жолды 20 қаңтар сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақмола облысында монша өртенді
Келесі жаңалық
Абай облысында ауыл медицинасы дамып келеді
Өзгелердің жаңалығы