20 Наурыз 2025 2025, 11:23 Фото: архив

Екі өңірде автокөлік жолдарына шектеу қойылды

Бұл туралы "Қазавтожол" Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы "Қазавтожол" Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылғы 20 наурыз сағат 08:00 жағдай бойынша 2 облыстағы 2 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылған. 

Ақтөбе облысы: 

“Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз” автожолының 3-92 шақырым аралығында (Қандыағаш қаласынан Ембі қаласына дейін). Баламалы қозғалыс "Ембі – Жем – Әлібек-Мола (кен орны) – Кенқияқ – Темір" автожолы бойынша жүзеге асырылады. 

Қостанай облысы: Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы). 

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 666 арнайы техника мен 1950 маман жұмылдырылды.