11 Ақпан 2025 2025, 22:17
Фото: BAQ.KZ - архив
Екі өңірде ауа райына байланысты жолдар жабылды
Еліміздің екі өңірінде ауа райының бұзылуына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Еліміздің екі өңірінде ауа райының бұзылуына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі мәлімдеді.
11 ақпан сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.
Абай облысы:
- “Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы” автожолының 971-1013 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейін).
ШҚО:
- “Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы” автожолының 1013-1048 шақырым аралығындағы учаскесі (Абай облысының шекарасынан Ұлан ауылына дейін).
Жолды 12 ақпан сағат 07:00-де ашу жоспарланған.