Екі өңірде ауа райына байланысты жол жабылды
Екі өңірде күн райының бұзылуына байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАвтоЖол компаниясына сілтеме жасап.
Екі өңірде күн райының бұзылуына байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАвтоЖол компаниясына сілтеме жасап.
8 қаңтар сағат 20:00-де Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Ташкент-Термез" а/ж (Жаңа Қордай асуы) 159-238 шақырым аралығындағы учаскеде (Отар ауылы-Қайнар ауылы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарлануда.
9 қаңтар сағат 10:00-де жолды ашу жоспарланған. Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылатын болады.
Сондай-ақ 8 қаңтар сағат 21:00-де Жетісу облысында ауа райының бұзылуына байланысты “Алматы-Өскемен” автожолының 276-325 шақырым аралығындағы учаскесінде (Талдықорған қаласынан Қызылағаш ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 9 қаңтар сағат 01:00-де ашу жоспарланған, - деп атап өтті компаниядан.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.