Екі облыстың мектеп оқушылары қашықтан оқиды

Бүгін Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында жаңбыр мен көктайғаққа байланысты мектептер қашықтан оқуға көшті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нақтырақ айтсақ, Өскемен қаласының, Глубокое ауданының, Күршім ауылының және Ридер қаласының оқушылары сабақты онлайн оқиды. 

Абай облысында Семей, Курчатов, Бесқарағай, Аягөз, Жарма аудандарында да оқушылар қашықтан білім алады. Қостанай облысында да қатты желге байланысты біраз мектепте оқу онлайн түрде өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: aqtobegazeti.kz
Өзгелердің жаңалығы