Екі облыста жол жабылды
Павлодар және Ақмола облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.
Павлодар және Ақмола облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.
22 қазанда сағат 22:00-де Павлодар облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Атамекен – Ертіс – Русская Поляна" 0-152 шақырым, (Атамекен ауылы - Ертіс ауылы) учаскесінде және республикалық маңызы бар "Омбы – Майқапшағай" 191-390 шақырым, (РФ шекарасы - Мичурино ауылы) учаскесінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолдарды 23 қазан сағат 06:00-де ашу жоспарланған.
Сондай-ақ Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (тұман, көрінудің шектелуі) Астана – Көкшетау (айналма жолымен) – Петропавл – РФ шекарасы тасжолының 140-180 шақырым аралығында автокөліктің барлық түрі үшін жылдамдық режиміне уақытша шектеу енгізілді, - деп жазылған хабарламада.
"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескеруге шақырды. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.