+9

Екі облыста жол жабылды

Екі облыста жол жабылды

Қызылорда және Ақтөбе облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2024 жылғы 29 қарашада сағат 13:00–де Қызылорда облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Самара-Шымкент" автожолының 1240-1362 шақырым аралығында (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. 

Сонымен қатар 29 қарашада сағат 13:00–де Қызылорда облысында ауа райының бұзылуына байланысты Ақтөбе облысында "Самара-Шымкент" автожолының 1153-1240 шақырым аралығында (М-32, А-26 жол айрығынан Қызылорда облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, делінген хабарламада. 

Екі жолды 2024 жылғы 29 қараша сағат 16:00-де ашу жоспарланған. Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы