Екі облыста мүмкіндігі шектеулі жандарды мәжбүрлеп жұмысқа салғандар анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов министрліктің дәстүрлі брифингінде айтты.
Ақмола облысында 3-топтағы мүгедекті қайыршылыққа мәжбүрлеу фактісі анықталды. 28 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны пайдакүнемдік мақсатта өскемендік 60 жастағы қажеттілігі жоғары ер адамды алдап әкелген.Оны мамыр айынан бүгінге дейін орталық базарда 8-9 сағат қайыр сұрап, күн сайын жұмыс істетеді. Ал алған табысын өзі иемденді. Аталған факті ҚР ҚК 126-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша ҚР ҚК-не тіркелді, - деді Қанат Нұрмағамбетов.
Сондай-ақ Ақтөбе облысында шаруа қожалығының басшысы жеті ай бойы мүмкіндігі шектеулі 47 жастағы ер адамды жұмысқа салған.
Зардап шегуші тәулігіне 12 сағат мал баққан, 50 шақырым жердегі қыстауда тұрған. Жұмыстан бас тартқан кезде оған физикалық және психологиялық қысым жасалған. Қылмыстық кодекстің 128-бабы (адам саудасы) бойынша тергеу жүріп жатыр, - деді ол.