8 Желтоқсан 2025 2025, 21:44
Фото: istockphoto.com
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ақмола және Қарағанды облыстары аумағындағы бірқатар жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақмола және Қарағанды облыстары аумағындағы бірқатар жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2025 жылғы 8 желтоқсан, сағат 21:30-да ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожолдарда жүк көліктері мен қоғамдық көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, - делінген хабарламада.
Шектеу енгізілген учаскелер:
Ақмола облысы
- «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 30–92 шақырымдары (Жібек Жолы ақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін).
Қарағанды облысы
- «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 92–164 шақырымдары (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ақы алу пунктіне дейін).
Шектеу ауа райының қолайсыздығына — қар, боран және көру мүмкіндігінің төмендеуіне байланысты енгізілген.
Жол учаскелерін 2025 жылғы 9 желтоқсан, сағат 09:00-де ашу жоспарланып отыр. Алайда бұл шешім ауа райы жағдайына қарай өзгеруі мүмкін.
Жүргізушілерге сақ болып, алдағы сапарды кейінге қалдыру ұсынылады.