Кеше 2026, 21:23 Фото: freepik

Екі облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Жолды 2026 жылғы 25 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланып отыр.

Жамбыл және Абай облысындағы республикалық автожолдарда ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл облысы:

2026 жылғы 24 ақпан сағат 20:00-ден бастап

  • «РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 159-238 шақырым аралығында (Кенен ауылы – Қайнар ауылы) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады. Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы ұйымдастырылады.

Абай облысы:

2026 жылғы 24 ақпан сағат 21:30-дан бастап

  • «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 910-1087 шақырым аралығында (Қалбатау – Боғас) жолаушылар автобустары мен дизель отынымен жүретін көліктердің қозғалысына шектеу енгізіледі.

Жолды 2026 жылғы 25 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланып отыр.