Екі облыста көлік қозғалысы ашылды
Ұлытау және Қызылорда облыстарында ауа райына байланысты жабылған республикалық жолдар қайта ашылды, деп хабарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол"-ға сілтеме жасап.
- 2024 жылғы 20 желтоқсан сағат 08:00–де Қызылорда облысы «Қызылорда-Павлодар» автожолының 12-216 шақырым аралығында учаске (Қызылорда қаласынан Ұлытау облысы шекарасына дейін), Ұлытау облысы «Қызылорда-Павлодар» автожолының 216-424 шақырым аралығында учаске (Қызылорда облысының шекарасынан Жезқазған қаласына дейін) республикалық автожолдарда көлік қозғалысы ашылды, — деп жазылған компания хабарламасында.
Ал ауа райының бұзылуына байланысты 2024 жылғы 20 желтоқсан сағат 07:00–де республикалық маңызы бар «Алма-Тау туристік орталығына кіру» км. 0-15, мектеп (Тұздыбастау ауылы — Бесқайнар ауылы) жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа шектеулер енгізілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өскемен мен Риддерде ауа сапасы нашарлайды
Келесі жаңалық
Елордада экология туралы жаңа жылдық спектакль көрсетілді
Өзгелердің жаңалығы