Бүгiн 2026, 02:34
Фото: freepik
Екі облыста ауа райына байланысты жол жабылды
Жол қозғалысы 28 наурыз сағат 10:00-де қайта ашылады деп жоспарланған.
Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2026 жылғы 28 наурыз сағат 00:00-де ауа райының нашарлауына байланысты «Өскемен–Семей» KAZ 21 автожолының келесі учаскелерінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды:
- Шығыс Қазақстан облысы: 12–103 км (Қазачье ауылының бұрылысынан Абай облысының шекарасына дейін)
- Абай облысы: 103–198 км (Шығыс Қазақстан облысының шекарасынан Семей қаласына дейін)
Жол қозғалысы 28 наурыз сағат 10:00-де қайта ашылады деп жоспарланған.