Екі облыста ауа райына байланысты жол жабылады

Қазақстанның екі облысында қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар республикалық автожолдарда 6 желтоқсан күні сағат 22.00-ден бастап жүк және қоғамдық көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметінің мәліметінше, шектеу мына учаскелерге қатысты:

Ақтөбе облысында:

  • "РФ шекарасы (Жайсан ө/п) – Ақтөбе – Қызылорда – Алматы – ҚХР шекарасы (Нұр Жолы ө/п)" автожолының
    965–1240 шақырымдары (Қарабұтақ ауылы – Қызылорда облысы шекарасы).

Қызылорда облысында:

  • Осы жолдың 1240-1360 шақырымдары (Ақтөбе облысы шекарасы – Арал қаласы).

Ауа райының күрт нашарлауы, яғни, боран, көктайғақ және көріну деңгейінің төмендеуі көлік қозғалысы үшін қауіп төндіріп отыр.

Жолды 7 желтоқсан күні сағат 07:00-де ашу жоспарлануда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы