Екі облыста ауа райы бұзылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карағанды облысының кей жерлерінде тұман болса, ал Атырау облысында оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 17-22 м/с дейін жетеді, деп хабарлайды "Қазгидомет" РМК.
15 сәуірде Карағанды облысының кей жерлерінде тұман (көбінесе орталығында және шығысында) күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с (көбінесе солтүстігінде және шығысында) күтіледі.Қарағанды қаласында да 15 сәуірде жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Сондай-ақ ертең күндіз Атырау облысында оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 17-22 м/с, күндіз кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Атырау қаласында күндіз 15 сәуірде оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы