Екі мемлекеттік архивке "ұлттық" мәртебе берілмек

Мәжілісте қаралып жатқан жаңа заң жобасы аясында еліміздің мемлекеттік архивтеріне “ұлттық” мәртебе беру мәселесі көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл бастаманы депутаттар заң жобасын әзірлеу барысында ұсынған.

Қазіргі таңда осы мәртебеге екі мемлекеттік архив сәйкес келеді:

  • Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві (Алматы қаласы),
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві (Астана қаласы).

Бұл архивтер құжаттық қордың көлемі, тарихи маңызы мен мемлекеттік маңыздағы мәліметтердің сақталуы тұрғысынан ұлттық деңгейдегі мекемелер ретінде танылып отыр.

Сонымен қатар заң жобасында жергілікті атқарушы органдардың архив саласындағы құзыреті кеңейтіледі. Енді әкімдіктер ауылдық жерлерде қызмет ететін архив қызметкерлеріне қосымша ақы тағайындауға құқылы тұлғалар тізімін өздері анықтай алады.

Бұған дейін архив қызметкерлерінің айлығы өсетіні айтылған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы