Екі кішкентай балам бар, 15 тәулікке соттамауды сұраймын – мас күйінде ұсталған жүргізуші
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайдағы полиция қызметкерлері 12 қаңтар күні сағат таңғы 5:58 шамасында мас күйінде көлік жүргізген жүргізушіні ұстаған. Бүгін оған қатысты сот өтті, деп хабарлайды alau.kz.
35 жастағы кәсіпкер Алтынсарин көшесінде ұсталған. Бүгін бұл іс Қостанай қаласының әкімшілік сотында қарады. Оның айтуынша, ол досымен бірге такси шақырғысы келген, алайда сол уақытта бос көлік болмаған.
Рөлге досымды жеткізіп салу үшін отырдым. Аман-есен жетеміз деп ойладым, болмады. Өз кінәмді толықтай мойындаймын, алайда 15 тәулікке бас бостандығымнан айырмауды сұраймын. Менің екі кішкентай балам бар. Оған қоса маған қарап отырған 10 қызметкер айлығын ала алмай қалады, - деді сотталушы.
Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, ер адамда орташа дәрежедегі алкоголь мастығы болған. Бұған дейін сотталмаған.
Сот шешіміне сәйкес, жүргізуші автокөлікті басқару құқығынан 7 жылға айырылып, 15 тәулікке қамауға алынды.
Айта кетейік, 11 қаңтардан бастап көлікті мас күйінде жүргізгені үшін жауапкершілікті күшейтетін заң күшіне енген еді. Дәл сол күні қарағандылық полицейлер алғашқы мас жүргізушіні ұстады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Австралия табиғатты қалпына келтіру үшін 35 млн доллар бөлмек
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы