Екі ел президенттері әлемге әйгілі опералардан үзінді тыңдады

Екі ел президенттері Қазақстан мен Кореяның танымал мәдениет қайраткерлерінің, өнер ұжымдарының концертін тамашалады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бағдарлама аясында шетел композиторларының туындылары, әлемге әйгілі опералардан үзінділер орындалды. 

Сонымен қатар бірнеше хореографиялық композиция ұсынылды. Концертте жеке орындаушылармен қатар, «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театры мен Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театрының әртістері, «Бірлік», Korean Culture Leaders ансамбльдері өнер көрсетті. 

Кешті Корея ресми делегациясының өкілдері және еліміздегі этномәдени бірлестіктердің мүшелері де тамашалады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы