Екі ел министрі Украина мен Палестина мәселелеріне тоқталды

Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БАҚ өкілдеріне Мальта Республикасының Сыртқы, еуропалық істер және сауда министрі Иэн Борчпен келіссөздерден кейін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр мырзамен Украина және Палестина мәселелеріне де бөлек назар аудардық. Өз кезегімде, еліміз үшін кез-келген қақтығыстың бейбіт жолмен шешілуі аса маңызды екенін мәлімдедім. Қазақстан жүйелі түрде стратегиялық нейтралитет саясатын ұстанып келуде. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының егемендік, тәуелсіздік және территориялық тұтастық сияқты іргелі қағидаттарын үнемі қолдаймыз, – деді ол.

Сондай-ақ министр Мальта сыртқы саяси ведомствосы басшысының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Іс басындағы Төрағасы екенін атап өтті.

Бүгін де Валлетта Ұйымға төрағалық етіп, осы жауапты міндетті үлкен абыроймен атқаруда. Қазақстан Мальтаның маңызды бастамаларын, оның ішінде диалог арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ниетін қолдайды, – деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: -архив
Өзгелердің жаңалығы