"Екі ел арасында шешімін таппаған мәселе болмауы керек". Тоқаев Жапаровтың пікірімен келісетінін айтты

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен кездесуінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін біз көптен күткен маңызды басқосуға жиналған. Екі ел арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамуы осы кеңесті өткізуге ықпал еткені сөзсіз. Отырыста қазақ-қырғыз ынтымақтастығының ең өзекті мәселелері қаралады. Біз Қырғызстан президентімен шағын құрамда келіссөздер өткіздік. Қарым-қатынасты кеңейтуге мүдделі екенімізді тағы да растадық, - дейді Президент.

Тоқаевтың сөзінше, Садыр Жапаров кездесуде екі ел арасында шешімін таппаған ешқандай мәселе болмауы керегін айтқан.

Мен бұл пікірмен толық келісемін. Уақыт сынағынан өткен ықпалдастығымыздың келешегі зор екеніне кәміл сенемін. Бұл бағытта бір кісідей күш жұмылдыруымыз қажет. Осы орайда Жоғарғы мемлекетаралық кеңестің жұмысы қазақ-қырғыз қарым-қатынастарын дамытуға ерекше серпін береді деп сенемін, - деп айтты Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен бірге Президенттің ойынша, бұл қадам әріптестегімізді жаңа деңгейге көтереді.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты қарсы алды.

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін тарихи келісімге қол қоятынын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы